Суббота, 28.06.2025, 16:05
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы №16 орта мектеп

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 13
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Мектеп тарихы


 

Мектептің тарихы

 

Қазалы қаласындағы №16 мектептің негізі 1860 жылы қаланған.

Мектепті алғашқы рет – патшалық Ресейдің офицері А.Н.Алексеев және діндар (священник) Н.Ф. Евграфов 2 кластық орыс мектебі негізінде ашқан. «Төменгі» топ оқушыларын А.Н.Алексеев, «жоғарғы» топ оқушыларын діндар Н.Ф. Евграфов оқытқан. Мектепте 4 пән (чтение, грамматика, арифметика және дінге табыну (богославие) оқытылған. (Бұл дерек уезд бастығы Глобовтың Түркістан генерал-губернаторына жазған хатынан алынған).

1872 жылы бұл мектеп қалалық училищеге, 1878 жылы 2 кластық ремесло училищесіне айналған.

Қазалы қаласындағы №16 А.М. Горький атындағы орта мектеп ғимараты 1912 жылы салынған. Мектепті Түркістан аймақтық оқу инспекциясының шешіміменен Ташкент қаласынан Қасымқожаев Сұлтанқожа басқарған құрлысшылар бригадасы келіп салған. Мектепті салуға қаржы түгелдей Қазалы қаласының тұрғындарының салығы есебінен жүзеге асқан. Мектеп 4 кластық орыс-түзем мектебі деп аталған. Мектептің алғашқы директоры болып сол кездегі Қазалы уезіне белгілі педагог Иван Васильевич Иванов бекітілген. Мектеп көп кезеңге дейін "Иванов мектебі” деп  аталып келген.

Мектеп оқушылары негізінен 1921 жылға дейін 5 класс оқып, 6, 7 кластарды Қазалы станциясында бітіретін болған.

1938 жылы мектепке атақты орыс жазушысы Алексей Максимович Горький аты және орта мектеп дәрежесі берілген.

Мектеп тарихында көптеген білім саласы қызметкерлері мектеп басшысы болып қызмет атқарған.

1930-1944 жылдар аралығында мектеп директорлары болып Ақбаев, Кисельников М., Шевчук, Загоскина С., Ким Сектюн, О.А. Горохова, 1944 – 1963 жылдары Ким Алексей Прохорович, 1963-1965 жылдары Бя Татьяна Николаевна, 1965-1969 жылдары Яганов С.И., 1969 - 1982, 1984 - 1989 жылдары «Халық ағарту ісінің үздігі» Дауқараев Мырқы Тәңірбергенұлы, 1982 – 1984 жылдары Шин Вилорий Николаевич, 1989-1991 жылдары Энгель Людмила Александровна, 1991-2002 жылдары Жанпейісов Ерсейіт Шәкиұлы қызмет атқарған.

2002 жылдан бастап мектепті «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі, аудандық мәслихат депутаты Романов Оңталап Райханұлы басқарып келеді.

Мектеп қабырғасынан 1914-1918 жылдары оқыған, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев, мектептің алғашқы түлектердің бірі Ұлы Отан соғысының батыры, батальон командирі майор Геннадий Фадеевич Шляпин, Қазалы уезіне аты шыққан, кейін "Қазалының Алтынсарині” атанған Ленин орденінің иегері Б.Мергенбаев, Қазақ ССР ғылым Академиясының ғалымы ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Ерлепесов Мұхамеджан Ноғайұлы сынды есімі елге танымал тұлғалар шыққан.

1960-1980 жылдары мектепті бітірген көптеген түлектер еліміздің әр түпкірінде қызмет етіп жатыр. Атап айтқанда, авиация ұшқыштары Солдатов С., авиация инженер-техниктері Қалымбетова Бақыткүл, Божедомов А., т.б.

Мектептің 1972 жылғы түлегі, генерал – майор Ерниязов Әлімжан қазір Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Батыс Қазақстан әскери округінің қолбасшысы, ауған соғысының ардагері.

1950-2000 жылдары аралығында көптеген оқушылар мектепті алтын, күміс белгіге және үздік аттестатқа бітіріп, жоғарғы оқу орындарына түсіп, әлемнің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр. Соның бірі Елбасы қабылдауында болған Крюгер Светлана қазақ тілді журналист.

Вольнова Марина – әйелдер арасындағы бокстан 4 (төрт) дүркін Қазақстан Республикасы чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері.

2008 жылы Сүлейменова Саламат ҰБТ-дан 117 балл жинап, «Алтын белгі» иегері болды.

1993 жылы оңтайландыру нәтижесінде мектеп аралас мектепке айналды. Қазіргі кезеңде оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мектеп -  қай кезде де жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен қатар, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін тәлім – тәрбие орталығы.

Бұл күнде қажырлы еңбек етіп келе жатқан мұғалімдер көптеп саналады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі - Т.Д. Кадол, О.Р. Роман, 30 жылдан астам еңбек өтілдері бар ұстаздар Қожаназарова З.Ш., Максина З.А, Сағымбаева Р.Т., Сағидулла А., Сабырбаева Д., Егеубаева А, Улман Г., Медведева Л.М., Асанова Т., Канаева А., Сахиева А., Абдрахманова Б., орта буынды ұстаздар Калжан А., Ерниязова Р., Халтова Ғ., Жаңабаева К., Асаубаева Ж., Ахметова Ғ., Утепбергенова Г.,  Аманжолова А., тағы басқаларды атауға болады. Олардың үшеуі жоғары санатты, 51 мұғалім  І және ІІ біліктілік санатының иелері. Қазіргі кезеңде мектепте 87 мұғалім қызмет етеді. 78 мұғалім-жоғары білімді, 9 мұғалім-арнаулы орта білімді. Мектепте 32 класс комплектісі бар (12 орыс, 20 қазақ класы) 558 оқушы білім алуда. Мектепте 1 мультимедиалық кабинет бар, 4 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған, 1 компьютерлік класс бар.

Мектептің оқу – тәрбие жұмысын алға бастырудың негізгі шарты – жұмысты сауатты, жүйелі жоспарлай білу. Оқу – тәрбие үрдісін тиімді әрі ұтымды ұйымдастырып, үйлесімді жұмыс ырғағының қалыптасуымен мектептің педагокикалық ұжымы оң өзгерістермін елеулі жетістіктерге қол жеткізді.Оқу үрдісін ұйымдастыру бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылау жүргізіліп, істің нәтижелі болуы көзделді. Жоспарға сай педагогикалық және директор жанындағы кеңестер, әдістемелік бірлестіктер отырыстары, пән апталықтары т. б. жүйелі өткізілді. Онда бірлестіктер, шығармашылық топтар есептері, әдістемелік баяндамалар, пән онкүндіктерінің өткізілуі, білім сапасын тексеру  қорытындылары кеңінен талқыланып отырылады.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 14 сәуір күні «Қазалы қаласы-өлке тарихынын айнасы» атты аудандық конференция өткізілді. Конференцияға аудан мектептерінен мұғалімдер  мен   ізденімпаз оқушылар  қатысып баяндама қорғады. Мектеп психологі Тлепова Гаухар  тренинг өткізіп, конференцияның мәнді өтуіне өз үлесін қосты.  6 мұғалім аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Барлық конференцияға қатысушылар қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мектепте «Ұлағат» шығармашылық тобы мұғалімдері нәтижелі жұмыстар жүргізуде, шығармашылық күндер және семинарлар өткізіп тәжірибесімен бөлісуде.

Педагогикалық жаңа технологияларды жүйелі пайдалану  мақсатында мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибесін ортаға салуда. «Сын тұрғысынан ойлау», «Модульік оқыту технологиясы», «Үш өлшемді әдіс» бойынша курстан өткен мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, оқушыларға тиімді жақтарын көрсете білді.

Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану мақсатында пән мұғалімдері электронды оқулықтар, авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер жасады. Физика пәнінің мұғалімі Ғ.Ахметованың оқу-әдістемелік кешені аудан көлемінде жоғары бағаланды. Өз іс тәжірибесімен бөлісу мақсатында мұғалімдер интернетке «Ашық сабақтар», «45 minut KZ» Web сайтына сабақтар жіберіп тұрады. Атап айтар болсақ, қазақ тілі пәнінен А. Кеулімжай, бастауыш сынып мұғалімі Н. Сүлейменова, Ж. Исматова, Ә. Дүйсенғалиева, ағылшын тілі мұғалімі К. Жаңабаевалар сертификат пен анықтамаға ие болып отыр. Әрбір бірлестіктерде мұғалімдерге электрондық портфолио жасау тапсырылды.

12 жылдық білім беруге көшуге дайындық барысында мұғалімдердің әдістемелік білімін жетілдіру де басты назарда ұсталады. Мұғалімдердің портфолиолары  толық  жинақталды. 12 жылдық  білім жүйесіне көшуге байланысты  оқу-әдістемелік база жинақтау жалғасуда.

Ұжымда еңбектерімен танылып, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушылары және өздері жетістікке жетіп жүрген мұғалімдер баршылық.  Сонымен қатар мұғалімдер кәсіби байқауларда  да жоғары деңгейден көрінді.

Атап айтсақ:  қазақ тілі пәні мұғалімі А. Кеулімжай «Үздік бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасар – 2010» - ІІ орын, «Үздік сабақ – 2010» - І орын, физика пәні мұғалімі Ғ. Ахметова «Үздік оқу әдістемелік кешен»  - І орын, «Ең үздік физика пәні мұғалімі-2011» - Бас жүлде, бастауыш сынып мұғалімі Б. Баяділова «Бастауыштың білікті маманы-2011» - ІІІ орын, бейнелеу пәні мұғалімі Э. Торы «Ең үздік бейнелеу пәні мұғалімі-2011» - ІІІ орын, қазақ тілі пәні мұғалімі А. Абдулла «Ең үздік қазақ тілі пәні мұғалімі-2011» - І орын, «Тәжірибе алаңы – 2011» - ІІ орын, «Тәжірибе алаңы – 2011» авторлық бағдарлама – ІІ орын, қазақ тілі пәні мұғалімі Г. Баяділова «Тәжірибе алаңы – 2011» электронды портфолио – ІІ орын, «Білікті жас маман – 2011» - ІІІ орын, А. Ділмағанбет «Алтын диск – 2011» - Алғыс хат, Л. М. Медведева «Ең үздік биология пәні мұғалімі-2011» - ІІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Таласбаева «Ең үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі-2011» - І орын, Оқу ісінің меңгерушісі Ғ. Халтова «Ең үздік оқу ісінің меңгерушісі-2011» - Алғыс хат, бастауыш сынып мұғалімі Қ. Ақбаев «Үздік мектепалды даярлық -2010» - Алғыс хат, бастауыш сынып мұғалімі Н. Сүлейменова «Үздік электронды оқулық жобасы» - ІІ орын, тарих пәні мұғалімі А. Махаталиева «Ең үздік тарих пәні мұғалімі -2011» - ІІ орын, Берденқұлова А. «Ең үздік тәлімгер -2011» - І орын.

2010 – 2011 жылы мектеп мұғалімдері түрлі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми тәжірибелік конференцияға белсене қатысқан мұғалімдер:  Талдықорған қаласында өткен  «Қазақстандық «Еуропаға жол»: экономика, білім және ғылым» атты конференцияға -1 мұғалім,  Павлодар қаласында өткен «ҮІ Мәшһүр – Жүсіп оқулары» -1 мұғалім, «IV Торайғыров оқулары- 2010»-5 мұғалім, «Павлодар облысындағы тіл саясаты: аймақтық жүзеге асыру» -1 мұғалім, «Д.А.Қонаев және Қазақстан дамуының тарихи кезеңдері»-6 мұғалім, «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері»-5 мұғалім, «ХІ Сәтбаев оқулары» - 12 мұғалім,  «Жас ғалым-2011»- 14 мұғалім,  «Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің орны» -5  мұғалім  қатысып,  дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

2010 жылы Облыстық «Мұғаліммен ата-ананың арасындағы қарым-қатынастың тиімді әдістері» атты кітапқа, Ж. Асаубаева, А. Нарманова, Б. Баяділованың баяндамалары еніп отыр. Сонымен бірге 2011жылы  Облыстық «Балалар шығармашылығы» жинағына 3 оқушының еңбектері жарияланды. Жетекшілері:Б.Баяділ, Ә.Қалжан, Г.Баяділ.

Республикалық «Атабаев тағылымы» педагогикалық оқуға А. Кеулімжай, А. Аманжолова, А. Абдуллалар қатысып,  баяндамалары  жинаққа енді, Кеулімжай А мен Абдулла Ә Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мұғалімнің жұмысының нәтижесі оқушылардың жетістігімен анықталады. Биылғы оқу жылында оқушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

Халықаралық «Кенгуру» математикалық сайысында 6 оқушы ІІІ орын, халықаралық «Русский медвежонок» байқауында 2 оқушы ІІ орын, 2 оқушы ІІІ орын, республикалық «Ақбота» марафонында 2 оқушы ІІІ орын иемденді. Халықаралық «ХІ Сәтбаев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында  10 «А» сынып оқушысы  Ж. Айтуған ІІ дәрежелі дипломмен, Журабаева Г. «Алғыс хатпен», 10 «Б» сынып оқушылары А. Жиеналы, А. Жақсылық ІІІ дәрежелі дипломмен, халықаралық  «Жас ғалым-2011» ғылыми-практикалық конференциясына 10 «Б» сынып оқушылары А. Жиеналы І дәрежелі, А. Жақсылық ІІ дәрежелі дипломмен    марапатталды.

Облыстық «Ата мұрасын сақтаймыз» ғылыми жоба байқауында Мұрат Жақсымұрат ІІІ орынды иеленді. Аудандық ғылыми жоба байқауына қатысқан 10 «Б» сынып оқушысы             А. Жиеналы І орын, 11 «А» сынып оқушысы Сухашева Г. І орын,  Ермекбаев Қанағат ІІ орын, Тілеулес Нұрлыбек ІІ орын. Аудандық пәндік олимпиада да 16 оқушы жүлделі орынға иемденіп, 1 оқушы облыстық олимпиадаға қатысты. Өтегенова Айшолпан 8 «В» сынып оқушысы «ХІІ Абай және Шәкәрім оқулары» қатысып, І орын иеленді. Жұмабай Бибінұр 8 «В» сынып оқушысы «Ескерткіштер, ескі қалалар сыр шертеді» тақырыбында конференцияға қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталады.

Аудандық оқушылар үйінің ұйымдастырумен өткізілген «Қазалының Жанаевы - дүр  ақын»  атты ақындар мүшайрасынан Төлеу Айгерім көркемсөз оқудан ІІ орын, Жүсіпбек Айдос өз шығармашылығы номинациясы бойынша «Алғыс хат» алды.

Мектебімізде өздерінің іс тәжірибесін республикалық басылымдарға үнемі    жариялап жүрген ұстаздарымыз бар. Олар: ағылшын тілі пәні мұғалімі О. Роман, қазақ тілі пәні мұғалімі Кеулімжай Анар, бастауыш сынып мұғалімі Асаубаева Жаңагүл. «Қазақстан орта мектебі» атты әдістемелік журналға мектебімізден 4 мұғалімнің, «Бастауыш мектеп» журналына 3 мұғалімнің  сабақтары жарияланды.

Мектеп бітіруші 28 оқушының 27-і ҰБТ-ге қатысып, орта балы  88  болды.

12 оқушы (42,8%) ЖОО-ға, 1 оқушы (3,5%) бюджет негізінде оқу грантын иеленді. 11 «А» сынып оқушысы Қалила Жанар «Алтын белгі» иегері болды. 9- сыныпты бітіруші 4 оқушы  үздік куәлікке ие болды.

2011-2012 оқу жылында мектеп мұғалімдері халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми тәжірибелік конференцияға белсене қатысты. Халықаралық конференция – 7, республикалық конференция – 20, «Атабаев тағлымы» Республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық оқу – 3 «Алғыс хат», Баспасөзге жариялануы – 30 мұғалім еңбектері жарық көрді. Оқушылар жетістіктері: ҮІІІ халықаралық олимпиадаға орыс тілі пәні бойынша  - 16 оқушы қатысып «І дәрежелі» дипломмен марапатталды. «Жарқын болашақ» ІҮ қазақ тілі пәні олимпиадасында – «Мақтау қағазы» -1 оқушы, «Алғыс хат» - 1 оқушы, ІІІ орын – 1 оқушы. «Ақбота» интелектуалды марафонында – 4 оқушы жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Қазақстан интернет олимпиадасына – 95 оқушы қатысып, түрлі дәрежелі дипломдар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

1.      Роман О. - Негізгі пәндер бойынша VIII халықаралық олимпиаданың финалдық сайысындағы  оқушылардың  биік жетістіктері үшін «Грамота», 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 2012 жылы Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдық медалімен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды. 2013 жыл Қазақстандағы Мәдениет жылына арналған «Жұлдызды талант» І-ші Республикалық Оқушылар фестиваліне шәкірттерін дайындағаны және білім, өнер саласындағы еңбегі үшін «Ел мақтанышы, Алтын адам» дипломдарын иемденді.

2.      Халтова Ғалия - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

3.      Сабырбаева Данагүл – Облыстық білім басқармасының «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» толу мерекесінде төсбелгімен марапатталды

4.      Кеулімжай Анар - «Үздік бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары - 2012», «Бағдарлы оқытуда мектепішілк бақылауды ұйымдастыру жолдары» семинар-тренинг «Алғыс хат»

5.      Дүйсенғалиева Әлия - «Педагогика саласында ҚР 2011-2012 оқу жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері және басымдықтары» Диплом І дәрежелі.

6.      Тұяқбаева Гүлжаһан - «Қызықты математика» 1 сынып, Үздік авторлық бағдарлама – ІІ орын.

7.      Баяділ Бақыткүл - «Үздік бірлестік жетекшісі» «Алғыс хат»

8.      Қалжан Әлия, Абдулла Әлия, Аманжолова Айгүл қазақ тілі пәні мұғалімдерінің оқушыларының жұмыстары «Балалар шығармашылығы», «Балдаурен», «Арда» газеттерінде жарияланды.

Мұғалімдер және оқушылар спорт және өнер саласында жетістіктерге жетіп ұжымдық және жеке марапаттауларға ие болды.

2012-2013 оқу жылында 15 оқушы аудандық пәндер олимпиадасында жүлдегер атанды,  11 «А» сынып оқушысы Шамин Павел қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиадаға қатысып ІІІ орынға ие болды. 8 «А» сынып оқушысы Абдуали Али-Асқар Әлемдік ғұлама Әл-Фарабиге арналған «Ғылым және өмір» атты Халықаралық Оқушылардың ғылыми-теориялық конференциясында «Бас жүлде» иемденді, «Happy New Year» халықаралық балалар фестивалінде «Мадақтамамен» марапатталды, жетекшісі Абиев Берік Қазақстандағы Мәдениет жылына арналған «Жұлдызды талант» І-ші Республикалық Оқушылар фестиваліне шәкірттерін дайындағаны және білім, өнер саласындағы еңбегі үшін «Ел мақтанышы, Алтын адам» дипломдарын иемденді.

1.             Қазақстан интернет олимпиадасына – 100 оқушы қатысып, түрлі дәрежелі дипломдар марапатталып бағалы сыйлықтар иемденді.

2.             Халықаралық «urfodu» олимпиадасына оқушылар қатысып 32 оқушы түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды.

3.             Сахиева Алмагүл -  тарих пәні мұғалімі аудандық педагогикалық оқуда ІІІ орын иемнеді.

4.             Баяділ Бақыткүл – бастауыш сынып мұғалімі аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің пән олимпиадасында ІІІ орын алып бағалы сыйлық иемденді.

 

Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы №16 орта мектептің жаңа ғимараты 300 орындыққа арналып, типтік жобада салынған. Жалпы құны – 584 млн.теңге. Жеңімпаз құрылыс мекемесі – «Қазқұрылыссервис». Құрылыс жұмыстары облыстық бюджеттен қаржы бөліп, 2012 жылдың 22 наурызы күні басталды. Мекептің жалпы көлемі 4017,7 м2. Пайдалы жер көлемі (полезная площадь) – 3868 м2. Жалпы құрылыста 150 адам жұмыс жасайды. Олардың 44 адамы (24%) Қызылорда қаласының тұрғыны, қалғаны 106 адам (76%) жергілікті жердің тұрғындары. 10 бригада жұмыс басталғаннан бері үздік сіз сапалы жұмыс жасауда. Құрылыс жұмыстары жаз кезінде салынғандықтан сапалы жүргізілді. Жұмыс басталғаннан бастап құрылыс сапасы үнемі бақылауда болды. Құрылыс сметалық жобадан ауытқушылық болған жоқ.

Жаңа мектептің оқу блоктарында оқушылар оқитын 20 оқу кабинеті бар. 1-қабатта физика, биология, қазақ тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, мультимедия кабинеті, ер балаларға арналған технология кабинеті асхана, спорт зал орналасқан.

2012 жылығы ҰБТ нәтижесі.

2012 жылы мектепті 32 оқушы бітіріп 100% ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде 4 оқушы мемлекеттік негізде грантпен ЖОО-да оқып жатыр. 

Форма входа
Поиск
Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Copyright MyCorp © 2025
Конструктор сайтовuCoz